Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін жауапталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  М. қатысты тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат М. 2016 жылдың 10 ақпанында Ақтөбе қаласы, Қарғалы селосындағы Ақжар көпірі жанында, Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының белгіленген ережесіне қосымша көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ереженің 14.1 тармағын және көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын
ақаулар мен жағдайлар тізбесінің 7.17 тармағының талаптарын бұзып, техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұза отырып, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау жүргізілген, газ-баллондық құрылғы орнатылған «Toyota» маркалы автокөлігін басқарған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, оған 31 815 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі