Хромтау аудандық сотында қылмыстық істер бойынша брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында судья Е.Жеткерген мен жергілікті басылым «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдированың қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифингте Хромтау аудандық сотымен 2016 жылы қаралған қоғамдық маңызы бар 2 қылмыстық істің қаралу нәтижелері талқыланды.

2016 жылдың 23 ақпанында Д.Кобеляцкийге қатысты қылмыстық іс қаралды. Д.Кобеляцкий Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған, яғни автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алған (айдап кету).

Сот үкімімен Д.Кобеляцкий Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ

2016 жылдың 4 наурызында А.Курманбековке қатысты қылмыстық іс қаралды. А.Курманбеков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған, яғни ойын мекемесiн заңсыз ашып, ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асырған.

Нәтежесінде сот үкімімен А.Курманбеков кінәлі деп танылып, оған мүлкi тәркiленiп, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі