Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ТТС» ЖШС-і «ОБ» ЖШС-нен қарыз соманы және айыппұл өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдарына сәйкес, «ТТС» ЖШС-і «ОБ» ЖШС-нен  қарыз соманы және айыппұл өндіруді сұрап сотқа шағымданды.

Сот отырысында тараптардан бітімгершілік келісім бекіту туралы өтініш түсті, оның шарттары бойынша жауапкер азаматтық іс бойынша талапкермен талап етілген мүліктік талап 7 000 000  теңгені 31 наурыз 2016 жылға дейін толық төлейтінін, ал талапкер жауапкер шақырған бітімгершілік келісімге келісетіндігін, сонымен қатар айыппұл өндіру талабынан бас тартатындығын көрсеткен.

Сот ұйғарымымен «ТТС» пен «ОБ» ЖШС-тері арасында бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісі қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі