Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы А. қатысты әкімшілік іс қаралды (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау).

Істің мән-жайы бойынша, азамат А. 2016 жылдың 21 қаңтарында, Мұғалжар ауданы Жұрын ауылында өз үйінде, ішкi iстер органдарында тiркелмеген №144946 санды 16 калибрлі «ТОЗ-БМ» тегіс ұңғылы қос ауызды аңшы қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген.

Сот мәжілісінде құқықбұзушы А. кінәсін мойындап, қаруды үйінен тауып алғанын, ішкi iстер органында тiркелмегенін, бірақ ешқашан қолданбағанын, қажеттілігі болар деп өзімен бірге сақтап, алып жүргенін айтып көрсеткен.

Судья, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, құқықбұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 42 420 теңге әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі