«Ашық есік» күні өткізілді

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында кезекті «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік күні» іс-шарасының міндеті сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру болып табылады, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу және халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін жұртшылыққа қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Ырғыз аудандық сотында сот төрағасының өкіміне сәйкес, әр айдың үшінші сәрсенбісінде «Ашық есік күнін» өткізу күні деп бекітілген.

Ырғыз ауылының тұрғыны Ә. көршісі екеуінің араларындағы жер дауы туралы, азамат Е. қарызын өндіру үшін сотқа электрондық құжаттарды жолдау тәртібін сұрады.

Сот төрағасы А.Бисенғали келушілердің сауалдарына заң талабына сәйкес толық әрі жан-жақты жауап беріп, ай сайын өткізіліп отырған шараның мақсатын түсіндірді.

Источник: 
Пресс служба Актюбинского областного суда