Ойыл аудандық соты

В судах области состоялись круглые столы на тему "Стратегия гендерного равенства"

25/09/2017

Ойыл аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы С.Танимова, судья А.Төремұратова, сот қызметкерлері, аудан прокуратурасы мен мектептер өкілдері  қатысты.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

22/09/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат С.-ке  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Ойыл аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

21/09/2017

Ойыл аудандық сотында азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру нәтижелерін талқылау жөніндегі  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот мамандары,прокуратура өкілі, Ойыл  ауданының мектептерінің кәсіби емес медиаторлары қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде, яғни 2017 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында Ойыл аудандық сотымен  20 азаматтық іс  пилоттық жоба шеңберінде қысқартылған.

«Әкімшілік істер бойынша жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/09/2017

Ойыл аудандық сотында Ойыл аудандық прокуратура, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік істер бойынша шығарылған жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Еңбек ақыны төлемегені үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

13/09/2017

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  87-бабының 1-бөлімі бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі) «Ш» ШҚ-ның басшысы Н-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ойыл аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

24/08/2017

Ойыл аудандық сотында «Медиация туралы» Заңы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып, іс шараға сот төрағасы С.З.Танимова, судья А.С.Туремуратова, Ойыл аудандық прокуроры міндетін атқарушы Ж.Аманжолов, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы С.Берекенов қатысты.

Ойыл аудандық сотында «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22/08/2017

Ойыл аудандық сотында  аудандық проуратура өкілі А.Өмірсеріков, «Ойыл ауданы бойынша кірістер басқармасы» ММ өкілі Б.Майланов, «Ойыл ауданы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ өкілі С.Нугманов, «Қазақтелеком» АҚ өкілі Э.Айдынғалиқызы, «Көкжар» КМК өкілі К.Қонысбаева, «Ойыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ  қатысуымен «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ойыл аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/08/2017

Ойыл аудандық сотында  «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған іс шараға, сот төрағасы С.З.Танимова, судья А.С.Туремуратова,  Ойыл аудандық  прокурорының м.а. Ж.Аманжолов, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Берекенов, жергілікті полиция қызметінің бастығы А.Таласкалиев және аудан учаскелік полицейлер қатысты.

Беттер