Ойыл аудандық соты

Ойыл аудандық соты неке бұзу туралы азаматтық ісін қарады

13/03/2017

Талап қоюшы Қ. cотқа берген талап арызында, жауапкер Ж.-мен  06.08.2011   жылдан бері заңды некеде тұрып жатқанын, ортақ некеден үш баласының барын, үшеуіде кәмелеттік жасқа толмағанын, жауапкердің өзін сыйламайтынын, спирттік ішімдік ішетінін, баланың тәрбиесімен айналыспайтынын, болмашы нәрсені сылтау етіп қол көтеретінін, бұдан әрі отбасын сақтау мүмкін еместігін айтып арызданған.

Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске асырылуда

10/03/2017

Ойыл аудандық сотының төрайымы С.З.Танимова «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел кеңесін өткізді.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/02/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат М.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотқа құрметтемеушілік білдірген

24/02/2017

Ойыл аудандық сотында Е.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Е. сот өндірісіндегі өзіне қатысты әкімшілік іс бойынша құқық бұзушы бола тұра, істің қаралатын уақытында сотқа алкогольдік масаң күйінде келіп,  сыйламаушылық білдірген.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

22/02/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Ө. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қарады.

Қоғамдық орындарға мас күйінде келу үшін 5 тәулікке қамауға алынды және ерекше тараптар тағайындалды

22/02/2017

Ойыл аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 440-бабы 4-бөлігі бойынша (жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) аудан тұрғыны азамат Ө. кінәлі деп танылған.

«Әйелге қарсы зорлық зомбылық жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

10/02/2017

Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева Ойыл аудандық мәдениет және демалыс орталығында Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясатты насихаттау мақсатында «Әйелге қарсы зорлық зомбылықты жою» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел кеңесіне қатысты.

Іс-шараға Ойыл ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Ақ аже» қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Сот актісін орындамағаны үшін қамаққа алынды

25/01/2017

Ойыл аудандық сотында азамат К.-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  669-бабы (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

24/01/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (ішкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат Б.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Беттер