Ойыл аудандық соты

Ойыл аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті

20/01/2017

Ойыл аудандық сотында  аудандық орталықтандырылған кітапханасымен бірігіп «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Ойыл аудандық сотының қызметкерлері, аудандық прокурорының көмекшісі А.Өмірсеріков, аудандық мемлекеттік мекемелерінен жас қызметкерлер қатысты.

Статистикалық есепке бұрмалау жасаған

19/01/2017

Ойыл аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 498-бабының 1-бөлігі (құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерін ұсынудан бас тарту, ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар) бойынша құқық бұзушылық жасағаны азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Жемқорлыққа қарсы әрекет - өту режимін сақтау» атты тақырыбында дөңгелек үстел кеңесі өтті

18/01/2017

Ойыл аудандық сотында сот қызметкерлері, жергілікті «Ойыл» басылымының, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің және «Күзет» қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы әрекет - өту режимін сақтау» атты тақырыбында дөңгелек үстел кеңесі өтті.

Ойыл аудандық сотында 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

16/01/2017

Ойыл аудандық сотында сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова мен «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаровың қатысуымен, сот төрелігін жүргізуде 2016 жылдың 12 айында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері туралы айтты.

Әкімшілік айыппұл салынды

04/01/2017

Ойыл аудандық сотында  Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот ұжымы Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс- шараға қатысты

15/12/2016

Ойыл ауданында Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы үлкен ізгі іс- шаралармен аталуда, соның бірі аудандық орталықтандырылған кітапханасымен ұйымдастырылған Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жиырма бес жұлдызды кітап» акциясы өткізілді.

Аудандық сот ұжымы Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығымен таныстыру тапсырмасын орындау мақсатында аталмыш іс- шараға жұмыла қатысты.

Аудандық сот ұжымы оның өмірбаяны мен шығармашылығын бейнебаян арқылы көрсетіп, жеткен жетістіктері мен кітаптарын қатысушылардың назарына ұсыныды.

Судья «Нұр Отан» партиясымен өткізілген қоғамдық қабылдауға қатысты

08/12/2016

«Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы ғимаратында «Әділет кеңес береді» акция аясында қоғамдық қабылдау өткізілді. 

Сот төрағасы міндетін атқарушы А.С.Төремұратова  «Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы ғимаратында «Әділет кеңес береді»  атты акция бойынша ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға қатысып Азаматтық процестік, Азаматтық Кодекстерінің талаптары бойынша түсіндірме  жұмыстарын жүргізді.

«Қазақстан Республикасындағы «Гендерлік саясат» тақырыбына дөңгелек үстел

30/11/2016

Ойыл аудандық сотының төраға міндетін атқарушы А.С.Төремұратова  және бас маман К.Алипова Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінде мектеп ұжымының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы «Гендерлік саясат» және әйелдермен балаларға қатысты зорлық –зомбылықпен күресу» тақырыбына дөңгелек үстелге қатысты.

Гендерлік теңдік- билікке ұмтылу емес

16/11/2016

Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясында «Гендерлік теңдік- билікке ұмтылу емес» тақырыбында семинар -трениг өтті.

Іс-шараға судья А.С.Төремұратова, бас маман К.Алипова, гимназия директоры Р.С.Улыкпанова және гимназия ұжымы қатысты.

Іс-шара  барысында өзекті мәселелері, әйелдер құқықтары және де әйелдерге қатысты кемсітушілікке қарсы тұру сұрақтары  талқыланды.

Беттер