Ойыл аудандық соты

Арақ ішкен мас күйінде автокөлікті айдап кеткен

23/09/2016

Ойыл аудандық соты азамат Ж. қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабының 1 бөлігі бойынша (автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) қылмыстық іс қарады.

Автокөлікті мас күйінде басқарған

08/08/2016

Азамат C. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Кемер селосының бойында жүргізуші ретінде «Жол жүрісі қағидаларының» 2-тарауы 4-бөлігі 2-тармағының талабын бұзып, “Лада 21713-139-123” маркалы көлік құралын алкогольден масаң күйінде басқарған.

Осылайша С.әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Ойыл аудандық сотында семинар өтті

05/08/2016

Ойыл аудандық сотында «Азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында  судья А.Төремұратова және кәсіби емес медиатор М.Габбасова, Ойыл ауданының прокурорының көмекшісі С.Байгильдинін қатысуымен семинар  өткізілді.

Семинар барысында азаматтық іс жүргізу кезінде медиация заңының және басқа татуластыру рәсімдерін колдану сұрақтары талқыланды.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/07/2016

Аз.Д. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылы Амангелді елді-мекенінде, қоғамдық орында, осы ауыл тұрғыны М-ға былапыт сөйлеп, дауыс көтеріп, еш себепсіз ар-намысына тиетін сөздер айтып, жеке тұлғаны қорлап тиiсіп, қоғамдық тәртiптi бұзып, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн iс-әрекеттер, яғни ұсақ бұзақылық жасаған.

Тұрғын үйінің алдына қоқыс төккені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

13/07/2016

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сарбие ауылының тұрғыны азаматша Қ. үйінің қасына күл-қоқыс төгіп, белгіленбеген орынға коммуналдық қалдық тастап, қоғамдық тәртiптi және төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретін iс-әрекеттер, яғни ұсақ бұзақылық жасаған.

Банктік қарыз шарты бойынша берешек сомасы өндірілді

08/07/2016

Ойыл аудандық сотымен талапкер «ЕБ» АҚ-нан азамат М. банк заемының келісім шарты бойынша қарызын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«ЕБ» АҚ мен жауапкер азамат М. тездету, қайтару, тұтыну мақсатында банкілік заем келісім шартын жасасты, соған сәйкес банк жауапкерге несие сомасынан 15,50%  жылдық болатын 84 айда бөліп төлейтін 1. 322. 000 теңге құрайтын қарыз ақша берді.  

Ойыл аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

05/07/2016

Ойыл аудандық сотында аудандық сотының мемлекеттік тілді дамыту жоспарына байланысты семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараға сот мамандары, аудандық мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, қызметкерлері қатысты.

Татуласу келісімі жасалды

23/06/2016

Ойыл аудандық сотында талапкер О-ның жауапкер Ж-ға келтірілген шығын құнын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ойыл аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

22/06/2016

Ойыл аудандық сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға судья А.Төремұратова, кеңсе қызметкерлері, прокуратура,   аудандық атқарушылық органдар өкілдері  қатысты.

Беттер