Ойыл аудандық соты

Жазаны ауыстыру туралы ұсыныс қаралды

07/11/2016

Ойыл аудандық сотыда Ақтөбе облысы Қобда-Ойыл аудандарының аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысынан сотталған К. жазасын ауыстыру туралы  ұсынысы қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, Ойыл аудандық сотының 20.12.2013 жылғы үкімімен ҚР ҚК-ң 307-бабының 2-бөлігімен (қызмет өқілеттілігін теріс пайдалану) кінәлі деп танылып, оған 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 731 000 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің маңыздылығы дөңгелек үстелде талқыланды

04/11/2016

Ойыл аудандық сотында Ойыл ауданы әкімі аппаратының,                         «Жігерлі жас» қоғамдық ұйымының өкілдері,     Ақтөбе облысы адвокаттар алқасының мүшесі адвокат,Ойыл ауданы бойынша кәсіпқой емес медиаторы,  Ойыл газетінің,  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілідерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің маңыздылығы» тақырыбыңда дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел модераторы ретінде сот төрағасының міндетін атқарушы А.С.Төремұратова сөз сөйледі.

Кредиторлық берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды

26/10/2016

Ойыл аудандық сотымен кредиторлық берешекті өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ АОФ -ы азамат Р.-ға кредит бойынша қ 1 070 649,89 теңге қарызды және 32 120 теңге мемлекеттік бажды арызды өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. ҚР АК-нің 722-бабының 1-бөлігі 1-тармағы бойынша, қарыз алушы келісімшарт тәртібі мен мерзіміне сәйкес қарызды қайтаруға міндетті.

Дау медиация тәртібімен реттелді

26/10/2016

Ойыл аудандық сотында, ақша қаражатын өндіру жөніндегі азаматтық іс бойынша медиация тәртібін бекітіумен азаматтық іс қаралды.

Талап бойынша Ойыл ауданы Коптоғай ауылының  тұрғыны Н. осы ауыл тұрғыны Қ. талапкердің үйіне жылу жүйесін өткізіп беретін болып, өзінің жұмысын 140000 тенгеге бағалап, аталған соманы алып кеткен, алайда осы уақытқа дейін не келісмкен жұмысын жасамай немесе ақшасын қайтармаған.

Сот отырысы барысында, тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген.

Ашық есік күні өтті

21/10/2016

Ойыл аудандық сотында «Ашық есік" күні  ай сайын 15-20 күндері аралығында сағат 14-00 ден 18-00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы А.С.Төремұратова меншік құқығын анықтауда туындаған мәселе жөнінде Ойыл ауданы Қайынды ауылының тұрғыны Б.-ны және Ойыл ауылының тұрғыны З.-ны қабылдады.

«Қылмыс және құқық бұзушылық» атты тақырыпта оқушылармен кездесу

20/10/2016

Ойыл аудандық сотының бас маманы К.Алипова Ж.Жусібалиев атындағы қазақ орта мектебінде оқушылар арасында «Қылмыс және құқық бұзушылық» атты тақырыпта семинар кеңесін өткізді.

Семинар барысында К.Алипова құқық бұзушылық ұғымына түсінік беріп, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың, жауапкершілігінің ерекшеліктеріне тоқталды. Ата-ана, мектеп тарапынан заң бұзушылықтар және өзге сауалдар төңірегінде өз ойымен бөлісіп, оқушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарына тыңғылықты жауап берді.

9 айының жұмысы бойынша баспасөз маслихаты өткізілді

13/10/2016

Ойыл аудандық сотында 2016 жылдың 9 айының жұмысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылау бойынша баспасөз маслихаты өткізілді.

Баспасөз маслихатында Ойыл аудандық соты төрағасының м.а. А.С.Туремуратова және жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі «Ойыл» газетінің тілшісі С.Нарегеев және А.Шакенова қатысты.

Ойыл аудандық сотында брифинг өтті

30/09/2016

Кеңсе бас маманы С.Шаймакова  жергілікті «Ойыл» басылымының тілшісі С.Наргеевтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағидасынын қолдану және түсіндіруде брифинг өтті.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын және іскерлік киім кию үлгісін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті

28/09/2016

Ойыл аудандық  сотында  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі талаптарын және іскерлік киім кию үлгісін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Аталған шараға аудандық соттың төраға міндетін атқарушы А.С.Төремұратова, кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева және сот мамандары қатысты.

Ойыл аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

27/09/2016

Соттарда өткізілетін «Ашық есік күндері» жұртшылыққа құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетін көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Осынау игі шараның аясында Ойыл аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізілді.

Азаматтарды соттың төраға міндетін атқарушы Айдана Серікқызы Төремұратова қабылдады.

Беттер