Ойыл аудандық соты

Кәмелетке толмаған баласын түнгі уақытта көшеде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

16/06/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен  (кәмелетке толмағандардың  заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы)  Ойылаудандық ІІБ-нен түскен азаматша Б.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапқа тартылды

14/06/2017

Ойыл аудандық сотында  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азаматша Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

07/06/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуіесқойлық (спорттық)  балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу жөніндегі) әкімшілік ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

01/06/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Б. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 -бабының 12-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы  шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру) әкімшілік ісі қаралды.

Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/05/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуіесқойлық (спорттық)  балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу жөніндегі) әкімшілік ісі қаралды.

Ойыл аудандық аграрлық коледжінің студенттері мен судьялардың кездесуі

17/05/2017

Ойыл аудандық аграрлық Коледжінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 12 сәуір күні жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі ретеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы талқыланды.

Аталмыш іс шараға сот төрағасы С.З.Танимова, судья А.С.Төремұратова, аграрлық колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.

«Нұр Отан» партиясында өткізілген қоғамдық қабылдау

15/05/2017

«Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы ғимаратында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстары және қоғамдық қабылдау өткізілді. 

Ойыл аудандық сотында семинар сабағы өтті

12/05/2017

Іс шараға  Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова және сот мамандары қатысты.

Ойыл аудандық сотының төрайымы С.З.Танимова Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшілігінің 05.05.17 жылғы № 1599-17-5-20/2276 сот актілерінің орындалу рейтінгін жақсарту мақсатында жасақталған тапсырма хатын жариялап шықты.

Ойыл аудандық сотында 2017 жылдың 3 ай қортындысы бойынша баспасөз мәлихаты өтті

18/04/2017

Ойыл аудандық сотында «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаровың қатысуымен, сот төрелігін жүргізуде 2017 жылдың 3 айында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы С.З.Танимова, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері туралы айтты.

2017 жылдың  3  айында  20 тұлғаға қатысты 18 қылмыстық іс, 73 азаматтық іс, 119  әкімшілік істер қаралды.

Жол-көлік окиғасына байланысты міндеттерін орындамағандықтан әкімшілік жауапқа тартылды

18/04/2017

Ойыл аудандық сотында азамат К.-ге  қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 611-бабының 2–бөлігі (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) негізінде әкімшілік іс қарады.

Беттер