Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында азамат Б. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207 -бабының 12-бөлігімен (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы  шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру) әкімшілік ісі қаралды.

Сот отырысында Б. өз кінәсін мойындамай «Ақтөбе облыстық телекоммуникациялар дирекциясы» филиалы бұларға шарт жасау туралы хат жолдағанын, сосын бұлар мемлекеттік сатып алу шартын жасағандарын, бұл жерде өздерінің кінәсі жоқ екенін, олар өздерінің монополистер реестрінен шығарылғанын хабарламағандарын көрсетті.

Сот азамат Б-ны ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 12-бөлігімен кінәлі деп танып, 226 900 (екі жүз жиырма алты мың тоғыз жүз) теңге әкімшілік айыппүл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі