Кәмелетке толмаған баласын түнгі уақытта көшеде жүруіне жол бергені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен  (кәмелетке толмағандардың  заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы)  Ойылаудандық ІІБ-нен түскен азаматша Б.-ға  қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сай,12 маусым 2017 жылы Б. өзінің 01.05.2002 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған баласы Б-ның заңды өкілі бола тұра, Қ. түнгі уақытта шамамен сағат 23.25-те Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл селосының Көкжар көшесінде, қоғамдық орында заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуына жол беріп, аталған құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Сот отырысында оның бұл әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, түсініктерімен және  іс құжаттарындағы басқа да  материалдармен толықтай дәлелін тапты.

Сот қаулысы бойынша азаматша Б. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, айыппұл мөлшері қысқартылып, оған 23 825 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі