Құқық бұзушылық жасаған үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) азаматша Қ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша Қ. Ойыл ауданы, Қараой селосында орналасқан Қараой мектебінің ғимаратында, қоғамдық орында азаматша К. себепсіз ар-намысына тиетін сөздер айтып жеке тұлғаны қорлап тиiсіп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылық білдіретін іс-әрекеттер жасаған.

В судебном заседании Қ. өз кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен Қ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, осы баппен оған 22690 теңге айыппұл жазасы қолданылған.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі