Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуіесқойлық (спорттық)  балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу жөніндегі) әкімшілік ісі қаралды.

2017 жылғы 7 мамыр күні сағат 09.00 шамасында Б. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Саралжын селосынан 6 шақырым жерде Қиыл өзенінен, 2017 жылдың 20 маусымына дейін балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен заңсыз  балық аулап,  балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын өрескел бұзған.

Сот отырысында Б. өз кінәсін мойындап 07.05.2017 жылы Ақтөбе қаласынан келген таныстарымен Қиыл өзеніне балық аулау мерзімінің тоқтатылғанын біле тұра тыйым салынған құралдармен балық аулағанын  айтып көрсетті.

Сот азамат Б-ны ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, құқық бұзушылық құралдарын тәркілеп, 31 766 (отыз бір мың жеті жүз алпыс алты) теңге әкімшілік айыппүл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі