Ойыл аудандық соты 11 сынып оқушыларына арнап «Ашық есік» күнін ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ж.Жүсібалиев атындағы қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы міндетін атқарушы А.С.Төремұратова кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына байланысты қозғалған қылмыстық және әкімшілік істер, құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік жөнінде айтып, сонымен қатар тұлғаның қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны туралы мәлімет арнайы тіркеу орындарына енгізіліп, біріңғай автоматтандырылған жүйеде сақталатындығын және болашақта мемлекеттік қызметіне жұмысқа орналасуларына кедергі келтіретінін ескертіп қойылған сұрақтарға заң тұрғысынан толық  жауаптар берілді.

Оқушылар сот ғимаратына экскурсия жасап, жаңа дыбыс-бейне жазу құрылғылармен жабдықталған сот отырысының залдары, «Төрелік» бағдарламасымен, ақпараттық тақталар мен келушілерге арналған күту залымен, кеңсе жұмысымен, ақпараттық киоск жұмыстарымен жақын танысты.

Кеңсе меңгерушісі Г.Ш.Танкиева сот жүйесінде жаңа электронды технологияларды енгізудің артықшылықтары мен тиімділігі туралы оқушыларға әңгімелеп берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі