Ойыл аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дөңгелек үстелге сот төрағасы С.З.Танимова,  кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева сот мамандары, прокуратура және ҮЕҰ өкілдері.

Сот төрағасы  С.З.Танимова іс шара  барысында, өз баяндамасында ер және әйел адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді.  Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Гендерлік теңдік – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым қатынасты айқындайтын, әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екендігін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар  әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптарын талқылады.

Іс шараның соңында қатысушылар осындай шаралар өткізгендігі үшін өз алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі