«Әкімшілік істер бойынша жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында Ойыл аудандық прокуратура, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік істер бойынша шығарылған жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сот төрағасы С.З.Танимова өз баяндамасында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 826-бабына сәйкес (жекеше қаулы және ұсыну) заңдылықтың бұзылу жағдайлары кезінде анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін шарттары мен себептері анықталғанда сот жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды тұлға) тиісті ұйымға және лауазымды тұлғаға оларды жою жөнінде ұсыным енгізетіндігін айтып,ағымдағы жылдың 8 айында қаралған әкімшілік істер бойынша
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Ойыл аудандық сотымен 20 жеке қаулы шығарылғандығын,  әкімшілік заңнамадан жиі жіберілетін бұзушылықтар бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 808-бабында көзделгендей әкімшілік құқық бұзушылық туралы (прокурордың қаулысы) хаттамалар, әкімшілік қамаққа алуды қолдануға соғуы мүмкін жауапкершілігі бар әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылғанан кейін судьяға дереу жолдау тәртібінің бұзылуына қатысты.

Сот төрағасы С.З.Танимова Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодекстінің талаптарына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түскен сұрақтарға жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі