«Сот актілерін орындау» атты дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Сот актілерін орындау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге аудан прокуратурасының прокуроры, ІІБ-нің қызметкерлері,  жеке және мемлекеттік сот орындаушылары қатысты.

Іс-шара барысында дөңгелек үстел қатысушылары сот актілерін орындау туралы сұрақтарды талқылады.

Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.Аманкулова  өзінің  сөзінде  сот актілерінің  орындалу мәселесіне соңғы жылдары көп мән берілгенін көрсетті. Атқарушы қызмет туралы қолданыстағы заңдарды жетілдіріп, сот орындаушыларының материалдық – техникалық жағдайының жақсаруы – заңды күшіне енген сот актілерінің мерзімінде орындалуына оң нәтижесін беріп отырғанын баяндады.

Аталмыш шараның соңында төраға Н.Аманкулова Қазақстан Республикасы Конституциясы, қылмыстық процеуалдық кодексі мен азаматтық процесуалдык кодексіне сәйкес заңды күшіне енген  сот актілері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жататындығын атап айтты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі