Шалқар аудандық сотында баспасөз-конференциясы және брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Жақында Шалқар аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Медиация туралы заңды насихаттау және осы жылдың 1 тоқсан қорытындысына арналған брифинг пен баспасөз-конференциясы өтті. Аудандық сот төрағасы О.Бақтыгереев Медиацияның қолдану саласы, мақсаттары, жүргізу қағидаттары, оларға қойылатын талаптары мен құқықтары және міндеттері туралы кеңінен түсінік берді. Соттың кеңсе меңгерушісі Т.Қошаева өткен жылдың  және осы жылдың 1 тоқсанда сотта қаралған азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша статистикалық нақты мәліметтерге тоқталды.  Соңыңда баспасөз-конференциясында сот төрағасы  тілшілердің қойылған сұрақтарына  жауап беріп, келгендеріне ризашылығын білдірді.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі