Архив событий

17/04/2014

Маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберілді.

17/04/2014

Алға аудандық сотында азамат Б-ны маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберу туралы Алға аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысы қаралды. Сот отырысында Алға аудандық ІІБ-нің өкілі Е. ұсынысты толық қолдап, Алға аудандық ІІБ-не азамат Б-ны маскүнемдіктен еріксіз  емдеуге жолдау туралы анасының арызы түскенін, ол Алға аудандық ауруханасында тексеруден өткізілгенін, нарколог-дәрігердің есебінде тұрғанын, 2011-2012 жылдары маскүнемдіктен еріксіз түрде емдеуге жіберілгенін, алайда одан нәтиже шығармағанын, сонымен қатар, азамат Б.

Алаяқты ірі залал келтірген

17/04/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қандыағаш қаласының тұрғыны азаматша К.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 177 бабының 2-бөлігінің «б» тармағы негізінде қылмыстық іс қаралды. Істің мән-жайына келсек, азаматша К., алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау мақсатында, бірнеше жәбірленушілердің сенімдеріне қиянат жасау арқылы, қарызға деген уәжбен тауарлар алып, барлығы 1 056 400 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот, жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, 4 (төрт) жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Сот мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтірді.

17/04/2014

Қобда аудандық сотымен 2014 жылдың 16 сәуірінде арызданушылар Б., Б. және С-ның мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру және оны қабылданған деп тану туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды. Арызданушылар  Б.,Б. және С. 2012 жылы жолдасы және арызданушылардың әкесі қайтыс болғаннан кейін, «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жарнасы түріндегі ашылған мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіруді және оны қабылданған деп тануды сұрап сотқа жүгінді.