Архив событий

21/04/2014

Мәртөқ аудандық соты пресс-конференция өткізді.

21/04/2014

Мәртөк аудандық сотында 2014 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша пресс-мәжілісі өткізілді. Пресс-мәжілісіне жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі А.Қалпиеваның қатысуымен жұмыс қорытындысы талқыланды. Пресс-мәжілісінде көптеген сұрақтар қойылды. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды. Сонымен қылмыстық істер бойынша 2014 жылы 1 тоқсанда 38 іс түссе, ал 2013 жылдың 1 тоқсанда 49 қылмыстық іс түскен еді, яғни биыл  11 қылмыстық іске түсуі азайды.

Сот азаматтық талапты қанағаттандырды.

21/04/2014

Ақтөбе қалалық сотында талапкер М. «К» АҚ-на қарсы жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс материалдарынан анықталғаны, талапкер 2008 жылдан бастап «К» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры қызметін атқарған. Алайда, ҚР Еңбек Кодексінің  57 бабының 2 тармағы негізінде, яғни өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз жазған деген негізбен бұйрық шығарылып, жұмыстан босатылған.