Архив событий

04/04/2014

Қоғамдық тәртіпті бұзған

04/04/2014

   Қобда аудандық сотында 2014 жылдың 27 ақпанында  ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің мәні бойынша 2014 жылдың 24 ақпанында сағат 11.40 шамасында, Қобда ауданы, Талдысай ауылында құқық бұзушы А. өзінің қос ауызды мылтығымен, ауылдың ішінде және бұл үшін бөлінбеген орында ит атып, жеке тұлғалардың тыныштығын әрі белгіленген тәртіпті бұзып, ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

04/04/2014

Мәртөк аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 355 бабының 2 бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сай, Мәртөк ауданы Мәртөк ауылы Маметова көшесінде  2014 жылы  30 наурызында сағат 04-45 шамасында құқық бұзушы аз.Т. алкогольдық мас күйінде полиция қызметкерінің талабын орындамады, медициналық сараптама өтуі заңды талабына  қасақана бағынбай,  полиция қызметкерінің үлгідегі киімінен жұлқылап, қарсылық көрсеткен.  Сот іс бойынша келтірілген барлық  мән жайларды  саралап, аз. Т.