Архив событий

19/04/2014

Ақтөбе облыстық сотының судьялары республика соттарының 2014 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың онлайн-жиналысына қатысты

19/04/2014

Ақтөбе облыстық сотының судьялар қауымы республика соттарының 2014 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың онлайн-жиналысына қатысты. Бейнебайланыс арқылы өткен жиналысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми жүргізді.
Соттар скайп жүйесі арқылы өткен бұл бас қосуда Елбасының Қазақстан Республикасының алтыншы съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысын сөз етіп, құқық қорғау саласындағы заңнамаларды жетілдіру, сот төрелігі сапасын арттыру мәселелерін кеңінен талқылады.

Республикалық сенбілік

19/04/2014

Республикалық сенбіліктің шеңберінде, 2014 жылы 19 сәуір күні Ақтөбе облысының жергілікті соттарының қызметкерлері, жергілікті соттардың ғимараттарында тиісті аумақтарды көктемгі-жазғы мезгілге дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында соттар ғимараттарының айналасын тазарту іс-шараларын жүргізді. Бұл ретте аумақтағы бекітілген аумақтарда сот алаңындағы күл – қоқысты жинап, полигонға шығару, қақпаларды бояп, ақ балшықпен ағаштарды ақтау және ағаш отырғызу, қию, қойма, гараж ғимаратын жинау жұмыстарын жүргізді.