Архив событий

09/04/2014

Мәртөк аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

09/04/2014

Мәртөк аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында әр айдың  екінші сәрсенбі күні– «Ашық есік күні» деп белгіленген. 09.04.2014 жылы «Ашық есік күні»  құқықтық мәселелі сұрақпен  Мәртөк ауданының 2  тұрғыны жүгінген. Соның ішінде Қарабалаев Сабит Мәртөк ауданы Қазан ауылында тұрады, сол жерден екі жыл бұрын үй салу үшін жер учаскесін жалға алған еді, жалға алған уақыты аяқталуына байланысты және мерзімін ұзарту тәртібі туралы сұрақ қойған, оған Қазақстан Республикасының жер кодексіне байланысты заң талаптары түсіндірілген.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті

09/04/2014

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 09 сәуірде «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараны Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А.Сисенова жүргізді, оған Ақтөбе қалалық КазГЗУ колледжінің заңгер факультетінің 3-курс студенттері қатысты.

Аталған шара барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойды, әсіресе соттың қандай істерді қарайтыны, азаматтардың алқа билер қатарына қалай енетіні, заңгер мамандағының ерекшелігі жөнінде сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды. 

Бұзақылық жасаған үшін сотталған.

09/04/2014

18 наурыз 2014 жылы Хромтау аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлімімен айыпталған  21 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық ісі қаралған.