Мәртөк аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында әр айдың  екінші сәрсенбі күні– «Ашық есік күні» деп белгіленген. 09.04.2014 жылы «Ашық есік күні»  құқықтық мәселелі сұрақпен  Мәртөк ауданының 2  тұрғыны жүгінген. Соның ішінде Қарабалаев Сабит Мәртөк ауданы Қазан ауылында тұрады, сол жерден екі жыл бұрын үй салу үшін жер учаскесін жалға алған еді, жалға алған уақыты аяқталуына байланысты және мерзімін ұзарту тәртібі туралы сұрақ қойған, оған Қазақстан Республикасының жер кодексіне байланысты заң талаптары түсіндірілген. Басқа өтініш білдіруші Кривобок Жанылсын 5 жылдан бері жұбайымен бірге тұрмайды, қазіргі уақытта оның тұрағы оған белгісіз, сонымен некені бұзу туралы сұрақпен жүгінген, оған неке және отбасылық заң талаптары түсіндірілген.

                                                                                                                                      

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі