Архив событий

25/04/2014

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық соты ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі

25/04/2014

2014 жылы 25 сәуірде Ақтөбе облысында  Мұғалжар ауданының соты мен  прокуратурасының жаңадан бой көтерген заманауи әсем ғимаратының салтанатты түрде ашылу рәсімі өткізілді.

Қазақстан – құқықтық мемлекет болып табылады, Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында  атап көрсеткеніндей, заң алдындағы теңдік –  құқықтық тәртіптің шын мәніндегі  негізі болуы тиіс. Осы ретте құқық қорғау органдарына, нақтырақ  айтқанда, әділеттілікті жүзеге асырушы сот жүйесіне, сондай-ақ, қадағалау органы ретінде Прокуратураға ерекше назар аударылады.  

Ақтөбе облыстық сотының жаңа Кеңсе басшысы тағайындалды

25/04/2014

Ағымдағы жылдың 25-26 сәуірінде Ақтөбе қаласына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Бектас Әбдіханұлы Бекназаров және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Ілияс Сапарбекұлы Испанов ресми сапармен келді. Іс сапар кезінде жоғары дәрежелі қонақтар ұжымға Ақтөбе облыстық сотының жаңа Кеңсе басшысын таныстырды.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу заңнамасы бұзылды

25/04/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында заңды тұлғаға қатысты іс қаралды.

Іс материалында көрсетілгендей «V» ЖШС-нің  жалғыз қатысушысының 15 қаңтар 2014 жылғы шешімі бойынша қатысушылардың құрамы өзгертілгендіктен заңды тұлғаны қайта тіркеу қызметін жүзеге асыру қажет болған. Соған сәйкес,  ЖШС тіркеуші орган Ақтөбе облысы бойынша Әділет Департаментінің Ақтөбе қалалық Әділет басқармасына серіктестік құрамының өзгергендігін  шешім шыққанан кейін заңмен белгіленген бір ай мерзім ішінде хабарлау қажет.

Сот талапкердің моральдық зиянның өтемін өндірді

25/04/2014

Ақтөбе қалалық сотында Л.-тің «А» ЖШС-не қарсы арнайы жазатайым оқиғасын тергеу актісіне өзгерту енгізу, еңбек шартты жасалды деп тану, өтемақы, еңбек ақы өндіру және 10 000 000 теңге моральдық зиянның өтемiн төлету туралы азаматтық ісі қаралды.

Германияның халықаралық тәжірибесі Қазақстанның ювенальдық әділетіне көмекке

25/04/2014

2014 жылдың 24-25 сәуір күндері «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында «Қазақстан республикасындағы ювенальдық әділет. Халықаралық тәжірибе» тақырыбында арнаулы дөнгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысу үшін Германияның сарапшысы, заң  ғылымдарының докторы Герд Велинг, Ф.Эберт атындағы қор өкілдігінің басшысы З.Е.Шутова, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының судьясы Д.Д.Нұралин, Астана қаласының кәмелетке толмаған істері жөніндегі ауданаралық сотының төрайымы С.А.Жармухамбетова шақырылды.