Архив событий

30/04/2014

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні облыстық сотта атап өтілді

30/04/2014

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының жалпы отырысы  өткізілген болатын. Онда мемлекеттік гимн ойнатылғаннан кейін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жөнінде Ақтөбе облыстық сотының судьясы Шапағат Әлнияз баяндама оқыды, бұл уақытта экранда мерекелік слайд-шоу көрсетілді. Одан кейін Алға аудандық сотының судьясы Исаналина Жанар Советовна мен Ақтөбе қалалық сотының судьясы Лошкарев Артем Петровичке қызметтік куәліктерін табыстау рәсімі өтті.

Сот төрағасы мен Кеңсе басшысының құттықтауы

30/04/2014

Құрметті оқырмандар !

Сізді татулық пен келісімнің нұрына бөленген 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдан астам алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде еліміздегі өмір сүруші барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Сондықтан, осы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар. Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенімім мол.        

Денсаулыққа зиян келтірген

30/04/2014

Хромтау аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 103 бабының 1 бөлімімен айыпталған 1971 жылы Ресей Орынбор облысы Кывандық ауданы Жанатал ауылында туған, бұрын сотталмаған, Д-ге қатысты қылмыстық ісі қаралған.