Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2014 жылғы 09 сәуірде «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараны Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы М.А.Сисенова жүргізді, оған Ақтөбе қалалық КазГЗУ колледжінің заңгер факультетінің 3-курс студенттері қатысты.

Аталған шара барысында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қойды, әсіресе соттың қандай істерді қарайтыны, азаматтардың алқа билер қатарына қалай енетіні, заңгер мамандағының ерекшелігі жөнінде сұрақтар олардың қызығушылықтарын тудырды. 

Кездесудің соңында студенттер сот отырысының залдарына саяхат жасады.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс сөздерін айтып, іс-шара жылы лебізде өтті, әрі қатысушылар үшін қызықты әсер қалдырды.

 

                                                                          Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі