Алаяқты ірі залал келтірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен Қандыағаш қаласының тұрғыны азаматша К.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 177 бабының 2-бөлігінің «б» тармағы негізінде қылмыстық іс қаралды. Істің мән-жайына келсек, азаматша К., алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау мақсатында, бірнеше жәбірленушілердің сенімдеріне қиянат жасау арқылы, қарызға деген уәжбен тауарлар алып, барлығы 1 056 400 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот, жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп, 4 (төрт) жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

 

Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметті

Теги: