Маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алға аудандық сотында азамат Б-ны маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберу туралы Алға аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысы қаралды. Сот отырысында Алға аудандық ІІБ-нің өкілі Е. ұсынысты толық қолдап, Алға аудандық ІІБ-не азамат Б-ны маскүнемдіктен еріксіз  емдеуге жолдау туралы анасының арызы түскенін, ол Алға аудандық ауруханасында тексеруден өткізілгенін, нарколог-дәрігердің есебінде тұрғанын, 2011-2012 жылдары маскүнемдіктен еріксіз түрде емдеуге жіберілгенін, алайда одан нәтиже шығармағанын, сонымен қатар, азамат Б. бір жыл ішінде үш рет арақ ішкен мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағанын, өз еркімен емделуге барудан бас тартқанын көрсетті.

            Сот, осыған байланысты Б-ны алкоголизмнен еріксіз емдеуге жіберу қажет деген қорытындыға келіп, азамат Б.-ны маскүнемдіктен ерiксiз емдеуге 1 (бір) жыл  6 (алты) айға денсаулық сақтау жүйесiнiң мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесіне жіберілсін деп қаулы етті.

            

              Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

              

              Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі