Полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында құқық бұзушы А.Қ.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабы 4-бөлігі (Ішкі істер (полиция), әскери полиция (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адамды) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А.Қ. «Toyota Carina E» маркалы көлік құралын басқарып келе жатып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.4. тармағын бұзып, полиция қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы А.Қ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабының 4-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі