Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Сабыров КА-168/5 мекемесінде «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы және жазаның белгіленген мерзімін қысқарту туралы сот практикасы туралы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Бұл жиынға Мұғалжар аудандық прокуратурасы, адвокат, КА-168/5 мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы А.Сабыров «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы және жазаның белгіленген мерзімін қысқарту туралы сот практикасы туралы» нормативтік қаулы 2015 жылғы қаңтарда күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерді ескере отырып, әзірленгендігін айтты. Дөңгелек үстелдің қатысушылары қылмыстық-атқару жүйесі органдарының сотқа материалдар жолдау барысында жіберетін кемшіліктерін талқылап, жұмыс сапасын жақсарту бойынша шаралар ұсынды.

Талқылау соңында жазаның атқарылуын орындау органына сотқа материалдарды жіберу барысында қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңдары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.