Мереке қарсаңында Ақтөбелік сот төрағалары жаңа қызметтік автокөліктің кілтіне ие болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өткізілді.

         Шараға облыстық және қалалық соттардың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, облыстық сот ұжымы және БАҚ өкілдері қатысты.

         Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов салтанатты шарада сот жүйесінде мінсіз әрі ұзақ жылдар бойы қызмет атқарғаны үшін бірқатар судьялар мен сот мамандарына Қазақстан Респбликасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, облыстық сот төрағасы, ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы және облыстық сот кеңсе басшысы атынан медаль, төсбелгі, Құрмет грамоталарымен марапатталып, алғыс жарияланды.

«Сот жүйесінің ардагері» медалімен Ақтөбе облыстық сотының судьясы Садық Қуатұлы Елтүзер, қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Дәмеш Әбдаліұлы Әбдалі «Сот жүйесінің үздігі» ІІ дәрежелі төс белгісімен, Хромтау аудандық сотының төрағасы Аслан Әбілғазыұлы Мұқанов ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәмидің Алғыс хатымен марапатталды.               

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, судьялар қоғамдастығының алдындағы ерекше қызметі, сот төрелігін нығайтуға ықпал ететін белсенді қоғамдық және сот қызметінде атқарған еңбегі үшін «Судьялар одағының Құрметті мүшесі» Құрмет белгісімен сот жүйесінің ардагері Әмірхан Мақсұмұлы Шәненов; ардагерлер ұйымының белсенді қоғамдық жұмысы үшін Іскендір Уәлиұлы Мұратқанов; сот қызметін ұйымдастыру мен жетілдірудегі елеулі жетістіктері және судьялар қауымдастығындағы белсенді қоғамдық жұмысы үшін Шапағат Әбілғазыұлы Әлнияз Құрмет Грамотасымен, Ақтөбе облыстық сотының судьялары Е.М.Жапаров, Ж.С.Төленов, Н.Т. Сатыбалдина және Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрағасының м.а. Е.Ж.Махметов   ҚР Судьялар Одағының Алғыс хатымен марапатталды.

         Сондай-ақ, облысымыздың сот жүйесі беделін көтеруге елеулі үлес қосқаны үшін «Қазақстан – Ақтөбе» ТРК АҚ-ның директоры Р.С.Отыншин, оның орынбасары Н.Х.Барбосынов, ақпараттық редактор Р.К.Дарбаев және республикалық «Юридическая» газетінің Ақтөбедегі меншікті тілшісі Салима Тулегенова облыстық сот төрағасының Құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді.

Егеменді еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында облыстық сот төрағасы Е.Айтжанов Ақтөбе қалалық сотының, экономикалық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, әкімшілік соттың, Ақтөбе қаласы әскери гарнизоны сотының төрағаларына бес жаңа «Skoda Oktavia» маркалы қызметтік автокөліктің кілтін табыстады.

Мерекелік шара Фемида қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға ұласты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі