Ақтөбеде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында судьялар мен сот мамандарының спартакиадасы ұйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Химик» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының ұйымдастыруымен егеменді еліміздің «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында облыстың судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен спартакиада өткізілді.

Жарыстың ашылу салтанатына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов, ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдалі, сот жүйесінің ардагері Әмірхан Шаненов, облыстық соттың алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық сот кеңсе басшысы Әсет Мамбетов пен БАҚ өкілдері қатысты.

Ойындарда Ақтөбе облысының жергілікті соттары облыстық сот, қалалық соттар, мамандандырылған соттар және аудандық соттарынан төрт құрамаға бөлініп, аталмыш соттардың судьялары мен сот қызметкерлері шағын футбол, волейбол, бильярд, үстел теннисі және дойбы секілді спорт түрлері бойынша өз өнерлерін ортаға салып, жарысты.

Ақтық сайыста командалық жарыстан «Мәңгілік ел» облыстық соттың құрама командасы барлық спорт түрлері бойынша үздік атанып, спартакиада қорытындысы бойынша еліміздің және элемнің Самбодан чемпионы Алтынбек Жиенбаев жыл сайынғы ауыспалы кубокты облыстық сот құрамасына табыстады.  

Шағын футболдан 1 орынды «Тұлпар» мамандандырылған соттардың құрама командасы иеленіп, 2 орынды «Мәңгілік ел» облыстық сот құрамасы, ал 3 орынды аудандық соттардан құралған «Жеңіс» құрама кома ндасы иеленді. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар футболдан бірнеше номинация жариялап, «Үздік қорғаушы» номинациясы бағдарламашы Асхат Құралбай, «Үздік қақпашы» номинациясы судья Ержан Құрманов, «Үздік шабуылшы» номинациясы Қобда аудандық сотының төрағасы Анарбаев Әбитханға марапатталды.

Волейболдан 1 орынды «Тұлпар» құрама командасы, 2 орынды «Мәңгілік ел», 3 орынды «Жеңіс» құрама командасы иеленіп, волейболдан «Үздік доп беруші» номинациясына Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасы Айсұлтан Балмұқанов иеленді.

Үстел теннисінен 1 орынды «Мәңгілік ел» құрамасы, 2 орынды «Жеңіс» құрамасы, 3 орынды «Барыс» қалалық соттардың құрамасы иеленіп, «Үздік партия» номинациясымен экономикалық соттың судьясы Ляззат Бисенова марапатталды.

Дойбыдан 1 орынды «Барыс» құрама командасы, 2 орынды «Тұлпар», 3 орынды «Мәңгілік ел» құрамасы иеленіп, «Жылдам партия» номинациясы сот мамандары Оралбай Гаухар мен «Үздік партия» номинациясы Зульфия Юсуповаға табысталды.

Бильярд ойыны бойынша 1 орынды ҚР Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдалі, 2 орынды облысты соттың кеңсе басшысы Асет Мамбетов, 3 орынды экономикалық соттың судьясы Максат Орынбаев жеңді.

Сондай-ақ, жуырда Ақтөбе қаласында облыстық басқармалардың және департаменттердің мемлекеттік қызметшілері арасында өткен ХIV-ші облыстық спартакиасында Ақтөбе облысының судьялар қауымдастығы шағын футболдан 1-ші орынды иеленіп, осы сайыста үстел теннисінен Әйтеке би аудандық сотының төрағасы Асхат Абдиров жүлделі 2 орынды иеленсе, волейболдан облыстық сот жүйесінің құрама командасы жүлделі 3 орынды иеленгенін атап өткен жөн.

Сонымен бірге Алматы қаласында а.ж. 4-5 қыркүйегінде өткен республикалық жарыста судьялардың VІІ спартакиадасында Хромтау аудандық сотының төрағасы Аслан Мұқанов үздік шахматшы атанып, жүлделі 3 орынды иеленген болатын.

Бұған дейін де республикалық бәйгелерде Ақтөбе облысы судьяларының спорттық командасы бірнеше рет кіші футболдан, футболдан, үстел тенисінен, волейбол мен бильярдтан жүлделі орындарға иеленіп келді.

Дәстүрге сай жыл сайын өткізілетін спартакиада ұлттық мерекені ұлықтап, судьялар мен сот қызметкерлері арасында спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шара.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі