Архив событий

08/12/2014

Сотта тараптар медиациялық келісімге келді

08/12/2014

Қобда аудандық соты ҚР ҚК-нің 175 бабы 2 бөлігінің «в» тармағымен 19 жастағы азамат В-қа қатысты қылмыстық іс қаралды. Қылмыстық іс бойынша, 2014 жылдың 05 қараша күні айыпталушы В. сағат шамамен 21.00-де Қобда ауданы, Ақрап ауылында Жастар көшесі №4 үйдің ішіне заңсыз кіріп, бұрын қолданыста болған әрқайсысының құны 10 000 теңге тұратын, ас бөлмеде және жатын бөлмеде орналасқан ошақтардың плиталарын қасақана жасырын түрде ұрлап, жәбірленуші К-ға барлығы 20 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды

08/12/2014

Қобда аудандық сотымен 2014 жылдың 04 желтоқсанында ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабының 2-бөлігімен азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Істің мәні бойынша, 2014 жылдың 04 желтоқсанында сағат 12.30 шамасында, Қобда ауданы, Жарсай ауылы, Ә.Молдагұлова көшесінде құқық бұзушы К. полиция қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде, олардың медициналық куәландыруға бару талаптарына әдейі бағынбай, оларға қарай былапыт сөздер айтқан.
Сот отырысында құқық бұзушы К. әкімшілік құқық бұзушылық фактісін мойындап, істеген әрекетіне өкінді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот орындаушылармен дөңгелек үстел өткізілді

08/12/2014

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында 2014 жылдың 4 желтоқсанында «Алимент өндіру жөнінде атқару парақтарын орындау барысында жіберілген кемшіліктер» тақырыбында арнаулы дөңгелек үстел өткізілді.