Архив событий

23/12/2014

Жылқы ұрлағандарға қатысты қылмыстық іс

23/12/2014

Ойыл аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен аз.С.,  аз.А. және аз.К. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай 2014 жылғы 22 қазанда аз.С.,  аз.А. және аз.К., пайда көру ниетімен, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақкемер ауылының Қандық елді мекенінде жайылыста жүрген Ж. И. және К. тиесілі он бас жылқыны, бөтеннің мүлкін, ірі мөлшерде жасырын ұрлап, жәбірленушілерге жалпы құны 2.710.000 теңге шығын келтірген.

Сот шешімін орындамаған

23/12/2014

Балалары үшін төленетін алиментті уақытында төлеу заңмен міндеттелген. Алайда осы заңға жауапкершілікпен қарамағандар ісі азаяр емес.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 524 бабымен азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ойыл аудандық сотында брифинг өтті

23/12/2014

В

Ойыл аудандық сотында 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 15 шілдедегі «2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 8 тармақшасының нормаларын түсіндіру мақсатында брифинг өтті.