Архив событий

15/12/2014

Мереке қарсаңында Ақтөбелік сот төрағалары жаңа қызметтік автокөліктің кілтіне ие болды

15/12/2014

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өткізілді.

         Шараға облыстық және қалалық соттардың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, облыстық сот ұжымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Әкімшілік айыппұл салынды

15/12/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 468 бабының 1 бөлігімен  аз.У. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, әкімшілік құқық бұзушы аз.У., 12 тамыз 2014 жылы сағат 18.30-дар шамасында,  Мұғалжар ауданындағы  Жаңажол вахталық поселкесінің тас жолында «Лада» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жол бойындағы жүргінші аз.Б. соғып, абайсызда оның  денсаулығына  орташа ауырлықты зиян келтірген.

Сот, аз.У. кінәлі деп танып, оған  200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде әкімшілік  айыппұл салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Шалқар ауданында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында салтанатты жиналыс және марапаттау рәсімі өткізілді

15/12/2014

2014 жылы 15 желтоқсанда Шалқар ауданының Мәдениет үйінде  ҚР Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында салтанатты жиналыс және марапаттау рәсімі өткізілді.

Оған аудандағы барлық мекемелердің қызметкерлері қатысты. Шалқар ауданының әкімі Е.Ж.Данағұлов салтанатты жиналысты құттықтау сөзімен ашып, адал еңбек еткен әр саладағы  қызметкерлерді медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты жиында Шалқар аудандық сотының бас маманы Нуржамал Ерниязовада  аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. 

Салтанатты жиналыс концертік бағдарламамен жалғасты.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды

15/12/2014

Мәртөк аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 175 бабының 1 бөлігіне сәйкес аз.Б. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша сотталушы аз. Б., Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Жайсан ауылында 2014 жылдың қараша айының 1 күні ұрлық жасау ниетімен, яғни бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау мақсатында анасының үйде болмағанын пайдаланып,  қорада тығып қойылған анасының ақшасын ұрлап алып, нәтижесінде жәбірленуші аз.М. 80 000 теңгеге мүліктік залал келтірген.

Көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған

15/12/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 471 бабының 1 бөлімімен аз.А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, әкімшілік құқық бұзушы аз.А., 2014 жылдың  қараша айының 02-нен 03-не қараған түні, Мұғалжар ауданының Ембі қаласындағы Тлепбергенов  көшесінің тас жолында  «Лада 21144» маркалы  көлігін басқарып келе жатқанда, ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату  туралы заңды талабын орындамай, қашып кеткен.

Сот, аз.А. кінәлі деп танып, 1(бір) жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу  құқығынан айыруға қаулы етті.

Құрылыс-монтаж жұмыстары хабарламасыз жүргізілді

15/12/2014

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 357-1 бабының 1-бөлімімен аз.Р. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай 2014 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе қаласы, Пожарский көшесінде орналасқан үйдегі пәтерге жүргізілген тексеріс барысында, жасалып жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстары жөнінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға тиісті хабарлама жасалмағаны анықталған.