Архив событий

24/12/2014

Қоғамдық жұмысқа тартылған

24/12/2014

Ойыл аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен аз.Ә. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сай ағымдағы жылдың 26 қарашасында кешкі аз.Ә. пайдакүнемдік ниетпен Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Абай көшесі үй пәтердің терезесі жоқ балконынан еркін түрде кіру арқылы балконда ағашқа бекітіліп тұрған осы пәтер тұрғыны аз.А. тиесілі «Отау ТВ» телеарнасының спутниктік антеннасын және басындағы қабылдағышымен бірге жасырын ұрлап алып, аз.А. жалпы құны 12.000 теңге материалдық шығын келтірген

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында медиация заңын қолдануын қорытындылады

24/12/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында медиация заңын қолдану мәселелеріне қатысты кездесу өтті. Аталған іс-шараға соттың судьялары, кәсіпқой емес медиаторлар, адвокат, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, КА-168/5 мекемесінің, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 ҚАИ, Мұғалжар  аудандық №2 Әділет басқармасының, Ембі қалалық ауруханасының өкілдері, нотариустар қатысты.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьялары 2014 жылы 15 азаматтық, 17 қылмыстық  істі сот медиациясы тәртібімен қарап, қысқартылған.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында семинар өтті

24/12/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында  семинар  өткізілді.

Ойыл аудандық сотында брифинг өтті

24/12/2014

Ойыл аудандық сотында БАҚ-ның қатысуымен қылмыстық заңнаманың жаңа моделін талқылау сұрақтары бойынша брифинг өтті.

Аталмыш тақырыпта аудандық сот төрағасы Нүрлан Бақтығалиев ақпарат берді.

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді

24/12/2014

Хромтау аудандық сотында брифинг өткізілді.

Брифингке  кеңсе меңгерушісі А.Таргенова, жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Хромтау» газетінің тілшісі Л.Абдирова, Хромтау аудандық ІІБ Жол полициясының қызметкері А.Нуртазин қатысып, сонда көптеген сұрақтар қойылып талқыланды, жекелікте атап өткенде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтында «Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық сервисінің жұмыс істеуімен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Хаттама бойынша сотқа келу туралы талондарды беруді жүзеге асырады.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

24/12/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  23 желтоқсан  2014 жылы  «Қазақстан Республикасының Халықаралық құқықтық-нормативтік шарттарын бекіту, оның ішінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция нормаларын  бекіту» туралы Заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шара Ембі қаласының әкімшілігінің өкілі, Мұғалжар ауданының прокурорының орынбасары, КА-168/5 мекемесінің, Ембі қалалық полициясының, Мұғалжар ауданының №2 ҚАИ, Мұғалжар  аудандық №2 Әділет басқармасының, Ембі қалалық ауруханасының, Ембі қалалық мектептер өкілдерінің қатысуларымен өтті.