Архив событий

19/12/2014

Мұғалжар аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі туралы брифинг өтті

19/12/2014

Бүгін Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 15 шілдедегі «2006 жылғы 25 желтоқсандағы №9 «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңнаманы қолдану туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 8 тармақшасының нормаларын түсіндіру мақсатында брифинг өтті.

Мұғалжар аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

19/12/2014

Мұғалжар аудандық сотында ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлімімен қаралған қылмыстық іс бойынша брифинг өтті.

Брифингке аудандық соттыңсудьясы Ж.М.Сейтжапаров және «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі И.Ізбасқанғақатысты.

Полиция қызметкерлеріне бағынбаған

19/12/2014

Шалқар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 355-бабы 2-бөлігімен азамат Д. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2014 жылдың желтоқсан айының 13-күні аз.Д. арақ ішкен мас күйінде Шалқар қаласы, Резванов көшесінің бойында орналасқан «Д» дүкенінің маңында жүрген жерінен қоғамдық тәртіпті сақтау барысында полиция қызметкерлерінің  қызметтік міндеттерін атқару кезінде  ұсынған заңды талаптарына қасақана бағынбай, оларды лас сөздермен балағаттап, қарсылық көрсетіп, ар-ожданына тиетін сөздер айтып,  осы қасақана әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің  355-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.

Медиация тәртібімен қаралған істер брифинг брифинг өткізілді

19/12/2014

Мұғалжар аудандық сотында медиация тәртібі қолданылып қысқартылған азаматтық және қылмыстық істер бойынша брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттыңкеңсе меңгерушісі С.А.Хамзина медиация тәртібімен аяқатлағн істер туралы «Мұғалжар» аудандық саяси-қоғамдық газетінің өкілі М.Жұманбетоваға сұқбат берді.

Брифинг барысында С.А.Хамзина аудандық сотпен есептік кезеңде,барлығы 166 азаматтық іс, оның ішінде медиация тәртібімен 14 іс(8,4%)қысқартылған, ал қылмыстық істер бойынша барлығы 20 қылмыстық іс қысқартылып, оның ішінде 8 іс40(%)медиация тәртібімен қысқартылғанын жеткізді.