Архив событий

25/12/2014

Медиация тәртібімен азаматтық іс қысқартылды

25/12/2014

Шалқар аудандық сотында талап қоюшы аз.Ә. жауапкер  аз.Т.  қарыз ақша  өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі медиация тәртібімен  аяқталды.

Іс материалдары бойынша талап қоюшы  аз.Ә. сотқа талап арыз жазып  жауапкер  аз.Т-дан  46 000 теңге алажағын және сот шығынын өндіруді сұраған. 

Сот отырысында тараптар келесі шарттар бойынша медиациялық келісімге келді: жауапкер аз.Т. аталған қарыз соманы мойындап, 2014 жылдың 28 желтоқсанына дейін төлеуге  міндеттенеді, ал талап қоюшы өз кезегінде талап арызынан бас тартады.

Қобда аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

25/12/2014

Қобда аудандық сотында «Сот ғимаратының қауіпсіздігі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев, судья Ш.Е.Есжанова, «Кузет» қызметкерлері полиция капитаны Е.В.Стацук, старшинаА.С.Малайдаров, М.Т.Лиманов, М.Т.Ажмуратов, М.Сагиев,  «Қобда»  газетінің тілшісі А.Егізбай  қатысты.

Дөңгелек үстел кезінде  сот төрағасы А.Т.Анарбаев «Кузет» қызметкерлерімен сот ғимаратының қауіпсіздігі және сот ғимаратында азаматтардың келу тәртібі туралы сұхбат жүргізді.

Көрiнеу жалған құжатты пайдаланған

25/12/2014

Ырғыз аудандық сотында К. қатысты ҚР ҚК-нің 325-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.                                                                                       

Есірткі заттарын сақтаған

25/12/2014

Әйтеке би аудандық сотында  ҚР ӘҚБтК-нің 320 бабының 1 бөлігімен аз.С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік істің мән-жайына келсек 2014 жылғы 19 желтоқсанда «Астана-Орал» бағытындағы №57 поездың №1 вагонында азамат С-ның қара түсті курткасының сыртқы қалтасында целофан пакетке оралған 4,62 грамм есірткі заты - кептірілген марихуана табылып, өткізу мақсатынсыз, заңсыз түрде иемденіп сақтағаны анықталған.

Сот құқық бұзушылықтың сипатын ескеріп, оған әкімшілік айыппұл 18520 теңгеге көлімінде салды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.