Архив событий

10/12/2014

Ауылдасының өміріне ауыр дәрежеде зиян келтірген

10/12/2014

Шалқар аудандық соты ҚР ҚК-нің 103-бабының 2-бөлігінің «ж» тармағымен айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қарады. Іс материалдарына сай айыпталушы А. алкогольдік және есірткілік еліту жағдайында жәбірленуші Ә-нің өміріне қауіпті ауыр дәрежеде зиян келтірген. Сот отырысында айыпталушы А. жәбірленуші өкілінен кешірім сұрап, өз ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші өкілі С. айыпталушы А-ға кешірім бермейтінін заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. Соттың үкімімен айыпталушы А. ҚР ҚК-нің 103-бабы 2-бөлігінің «ж» тармағымен айыпты деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қобда аудандық сотында медиация туралы дөңгелек үстел өтті

10/12/2014

Ағымдағы жылдың 08 желтоқсан күні «Медиация туралы» заңының талаптарын халыққа түсіндіру, оларды қолданысқа белсенді түрде енгізіп, жүзеге асыруды мақсат еткен дөңгелек үстел Қобда аудандық сотының ғимаратында өтті.
Дөңгелек үстелге Қобда аудандық сотының төрағасы А.Т.Анарбаев, судья Ш.Е.Есжанова, аға сот орындаушысы З.Ж.Умарова, Салық басқармасының бастығының орынбасары Б.Жакеев, Қобда аудандық прокурорының орынбасары А.Р.Сағындыков, Қобда аудандық ІІБ-нің бастығының орынбасары К.Кыдырғали, «Қобда» аудандық газетінің тілшісі А.Ергалиева қатысты.