Архив событий

04/12/2014

«Мемлекеттік тіркеуге берудің белгіленген мерзімін бұзған».

04/12/2014

Әкімшілік құқық бұзушы Б.Бисенова Халыққа қызмет көрсету орталығына тұрғын үйді сатып алу шартын жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге берудің белгіленген мерзімін бұзып тапсырған. Осы жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 354-3 бабымен әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. Сот әкімшілік құқық бұзушы Б.Бисенованы кінәлі деп танып,он айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Алкогольді ішімдік ішкен күйінде шлагбаумға соққан

04/12/2014

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 3 бөлімімен азамат В. қатысты әкімшілік іс қаралды. Істің мәні бойынша, әкімшілік құқық бұзушы азамат В., 24 қараша 2014 жылы, «Жаңажол-Кожасай» көлік жолында ВАЗ 210930 маркалы, көлігін алкогольді ішімдік ішкен күйінде басқарып шлагбаумға соғып, көлік құралын бүлдіруге әкеп соққан, жол қозғалысы ережесінің 2.7.1 бабын бұзғаны анықталды. Осы жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 467 бабының 3 бөлімімен әкімшілік іс қозғалып, сотта қаралды. Сот, аз.В.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

04/12/2014

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 111бабының 1 бөлігімен азаматша С.М. Калиеваға қатысты кәмелетке толмаған балалардың анасына байланысты айыппұл салуға қаулы етті.

Құқық бұзушылық әкімшілік хаттамасына сәйкес, азаматша С-ның кәмелетке толмаған балаларын  себепсіз 9 күн қарауыз қалдырып өзінің ата-аналық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамай, қаңғыбастықпен айналысып, балаларын қараусыз үйіне тастап, жауапкершіліксіз қараған.