Архив событий

18/12/2014

Жол көлік оқиғасының нәтижесі

18/12/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, Т., 2014 жылғы 17 тамызда, сағат 05.00 шамасында, алкогольдік еліту жағдайында, мемлекеттік нөмірі kz 963 BЕA 04 «Лада 21144» автокөлігін, салонда жолаушы А.Б.Умбетова болып, Қандыағаш-Ембі бағытында басқарып келе жатып, ҚР жол қозғалыс ережелерінің 10.1 тармағының талаптарын ескермей, жол жиегіне аударылып, нәтижесінде автокөлік салонында болған А.-ның абайсызда өліміне әкеліп соқтырған.

Кәмелетке толмағанның әрекеті

18/12/2014

Отбасы тұлға болып қалыптасуға әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Баланың өмірге деген түсінігі отбасынан басталады.

Өкінішке орай көп жағдайда ата-аналар өз міндеттерін орындамай жатады. Бұл әрине балалардың қылмыс жасауына әкеліп соқтырады.

Осылайша, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 111бабының 2 бөлігі бойынша азаматша Б.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

18/12/2014

Шалқар аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 298-1-бабының 2-бөлігімен аз.С. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істін мәні бойынша қала тұрғыны  аз.С. 10.10.2014 ж. сағат 08-дер шамасында  Шалқар қаласының оңтүстік батысындағы Шалқар көлінен өзінің жасыл түсті синтетикалық балық аулауға арналған қыл ауымен 850гр. карас балығын аулап, жануарлар дүниесіне 157 теңге 42 тиын мөлшерінде зиян келтіріп,  ҚР ӘҚБтК-нің 298-1-бабының 2-бөлігінде көрсетілген ұсақ бұзақылықты жасаған.  

Есірткі заттарын сақтаған

18/12/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-1-бөлігімен Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес, Д. 2014 жылғы 16 сәуірде №377 «Алматы-Маңғышлақ» жолаушылар поездының №3 вагонында «Жұрын-Қандыағаш» аялдамасында сөмкесінің ішкі қалтасында ірі мөлшерде салмағы 78,87 грамм болатын гашишті өткізу мақсатынсыз, қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгілерісіз, заңсыз сақтаған.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, 92600 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Электр жүйесінің бағанасын бүлдірген

18/12/2014

Мұғалжар аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 3-бөлігімен Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес аз.Т. 2014 жылғы 21 қарашада сағат 15.30 шамасында, аз.Т. Қандыағаш қаласында «Hyundai Sonata» автокөлігін алкогольмен масаю күйінде басқарып келе жатып, рөлге ие бола алмай электр бағанасына соғып, Мұғалжар аудандық электр жүйесіне тиесілі, электр бағананы бүлдірген.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, оған 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру шарасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Нұсқаманы орындамаған

18/12/2014

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотымен  ҚР ӘҚБтК-нің 356-бабының 3-бөлігімен аз.А. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мән-жайына сәйкес аз.А. өз құзіреті шегінде Қандыағаш қаласы, «Жастық» ықшам ауданы, үйдің маңындағы жылу құбырын арнайы ораммен қапталуын қамтамасыз етпей, Мұғалжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының 27.08.2014 жылы берген №18 нұсқамасын орындамаған.

Сот, құқық бұзушылықтың сипатын, қоғамға қауіптілігін ескеріп, 11112 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жол қөлік оқиғасының жасаған

18/12/2014

Ақтөбе қаласының №2 сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен  сотқа берілген аз.М. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Заңсыз қару сақтаған

18/12/2014

Шалқар аудандық сотында өзімен бірге заңсыз қару сақтап, алып жүрген азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай 12.10.2014 жылы аз.Е., Шалқар ауданы, Бозой селолық округіне қарасты Үстірт жазықтығында азаматтық қару болып табылатын дара ауызды аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сақтап өзімен бірге алып жүрген.  

Сөйтіп ол, ҚР ӘҚБтК-нің 368-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Медиация тәртібімен татуласты

18/12/2014

Алға аудандық сотында ҚР ҚК-нің 175 бабы  2 бөлігінің «в» тармағымен азамат Р. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша, 2014 жылғы 03 қараша күні айыпталушы аз.Р. сағат шамамен 20:15-те Алға қаласы, Байтұрсынов көшесі, тұратын жәбірленуші аз.Л. үйінің ішіне заңсыз кіріп, ұйықтайтын бөлмеде орналасқан шкафтың ішінен 35 000 теңге ақшаны жасырын түрде ұрлап, жәбірленуші аз.Л. барлығы 35 000 теңге материалдық зиян келтірген.