«Мемлекеттік тілдің мерейі – өзіміздің мерейіміз»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында «Мемлекеттік тілдің мерейі – өзіміздің мерейіміз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сот ұжымы, аудандық прокуратураның аға прокуроры Ғ.Ермағамбетов, Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының мүшесі – адвокат А.Мұқашев және полиция қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелде төрағаның м.а. Ә.Бисеналина осы тақырып бойынша әзірлеген баяндамасында мемлекеттік тілдің ролі мен маңызы, мемлекеттік тілді дамыту және бағдарламаны табысты жүзеге асыру; елімізде барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылғандығы; Мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі. «Қазақстан Республикасын дамытудың Стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1 ақпан 2010 жылғы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында 2011 жылғы 29 маусымда «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданғандығы туралы қысқаша тоқталып өтті.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған тақырып бойынша өзге де мәселелер туралы өзара талқылады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі