Қаруды рұқсатсыз алып жүргені үшін жауапталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 20 сәуірде Ақтөбе қаласында, 312 атқыштар дивизиясында «Police Fashight» маркалы электрошокерді сақтаған, ол бұл қаруды ішкі істер органдарының рұқсатынсыз алып жүрген.

 Қазақстан Республикасының «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Заңының 16 бабының 2-бөлімінде көрсетілгендей қару иелері меншігіндегі қаруды ішкі істер органдарында тіркетуге және қайта тіркетуге міндетті.

Сот қаулысына сәйкес азамат М. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 бабының 1 бөлімінде (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған деп танылып, осы бап бойынша оған қару тәркілене отырып 45380 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі