Хромтау аудандық сотында байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 28 маусымы - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Хромтау аудандық соты жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін марапаттады.

Іс-шараға Хромтау аудандық сотының төрағасы А.Балмұханов, судьялар С.Аликулов, С.Жумашкина, Е.Жеткерген, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Балмұханов өзінің құттықтау сөзінде Хромтау ауданының бұқаралық ақпарат құралдарында нағыз өз істерінің мамандары жұмыс атқаруда екендігін, олардың айқын азаматтық бағдары, болып жатқан жағдайларға бей-жай қарамаулары, барлық жаңашылдыққа деген ашықтықтары, «ең анығына жетуге деген» талпыныстары әрқашанда мамандықтарындағы айырмалық сипаттама болды деп атап айтты.

Судья С.Жумашкина БАҚ қызметкерлерін құттықтап, өз баяндамасында соттар, БАҚ сияқты азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғап, бір ортақ іс жасап жатқандарын айтты. Сондай-ақ жергілікті БАҚ және тілшілер қауымдастығының сот жүйесінде болып жатқан жаңашылдықтардың жарықтануындағы және реформалық өзгерістердегі сондай-ақ басқа да позитивті істердің үлкен рөлін атап өтті.

Іс-шара барысында төраға А.Балмұханов  резонанстық және қоғамдық маңызы бар істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметі бойынша жедел және объекивті жарықтандырғандары үшін БАҚ қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Өз кезегінде тілші Л.Әбдірова байланыс және ақпарат қызметкерлерінің атынан Хромтау аудандық сотының ұжымына ұйымдастырылған мереке және құттықтаулар үшін, атқарылған жұмыстың және сот қызметкерлерінің жұмыла салған күштерінің арқасында, сот жүйесі жылдан-жылға үсті-үстіне ашық бола түскендігін және халыққа, БАҚ-на қол жетімді бола түскендігін атап айтып, алғысын білдірді. Былтырғы жылдармен салыстырғанда істер жайындағы кез-келген ақпарат қысқа уақыт аралығында және жедел ұсынылады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі