Для учашихся школы-интерната проведены лекционные занятия на тему "Законодательство в отношении несовершеннолетних"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласындағы «Дарын» мектеп интернатының оқушылары мен мұғалімдерінеАқтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңсудьясы К.М.Муратов  «әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық қатынасқа түскен кәмелетке толмағандарға қатысты Заңнама» тақырыбында дәріс өткізілді.

Өз сөзінде К.М.Муратов Қазақстан Республикасында ювеналдық әділетті дамыту тұжырымдамасы, кәмелетке толмағандарға қатысты әділ соттылықты жүзеге асыру, әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төмен және ең жоғары жас мөлшері және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттың құру негізіжөнінде түсіндірді.

Дәріс соңында мектеп интернатының оқушылары мен мұғалімдер тарапынан аталған тақырып бойынша сұрақтар қойылып, К.М.Муратов тарапынан тиісті жауаптар алынды.

Бұдан басқа, дәріс соңында К.М.Муратов оқушыларға емтиханды  тапсыруға сәттілік тіледі.