Ақтөбе облыстық соты журналистерді құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында  Байланыс және ақпарат қызметкері күні мерекесінің қарсаңында өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен мерекелік жиын өткізілді.

Судьялар журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтай отыра, журналистер өздерінің белсенді ұстанымдары, қызықты және маңызды жаңалықтарды көрсету арқылы мемлекетіміздегі бейбітшілік пен татуластықты нығайтуға елеулі үлестерін қосатынын, Қазақстанның өркендеуі үшін Елбасы қойған ауқымды міндеттерді жүзеге асыруға тікелей қатысатынын атап  өтті.

Мұратғали Әкетайдың  Ақтөбе облыстық сотының төраға қызметіне тағайындалуы сәтінен бастап БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс табысты жүзеге асырылатын басым міндеттердің бірі болып табылатыны атап өтілді.

Судьялар журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, шығармашылық табыс, зор денсаулық пен отбасы амандығын тіледі.

Кездесу соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жақсы қарсы алып, көңіл бөлгендері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да іскерлік қарым-қатынасты жалғастыратынына сенім білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі