Ақтөбе облыстық сотында 2015 жылдың 9 айдың жұмыс қорытындысы бойынша облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасының кеңейтілген жалпы отырыс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында 2015 жылдың 9 айдың  жұмыс қорытындысы бойынша облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасының кеңейтілген туралы жалпы отырыс өткізілді.

Жалпы отырысқа облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың апелляциялық сот алқа төрағалары: қылмыстық істер бойынша міндетін атқарушы  –Шапағат Әбілғазыұлы Әлнияз және азаматтық және әкімшілік істер бойынша - Нұрсапа Маханбетұлы Примашев, Ақтөбе облыстық сотының кеңсе басшысы Әсет Ғалымжанұлы Мамбетов, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, судьялар, облыстық соттың бөлім басшылары, аудандық және мамандандырылған соттар кеңсесінің меңгерушілері қатысты.

Облыстық сот төрағасы  өз сөзінде ,облыс соттарының сот төрелігін  жүзеге асыру сапасының қорытындыларына тоқталды.

Ерлан Айтжанов облыстың сот корпусы алдында тікелей басымдықтарды болашақта және  одан әрі іске асыру үшін  сондай-ақ,  Жоғарғы Сот Төрағасының сот жүйесінің алдағы уақытта дамуы бойынша тапсырмалары мен негізгі бағыттарын іске асыру жүзіндегі нақты тапсырмалар қойды. 

Жиында жергілікті соттар ішінен жұмыс сапасы бойынша 1 орын – Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, 2 орын - Қобда аудандық соты, 3 орын – Ойыл аудандық соты иеленгені аталды. Ең төмен көрсеткіштерімен көзге түскен Қарғалы аудандық соты, Ырғыз аудандық соты және Темір аудандық соттарының төрағаларына облыстық сот төрағасы жұмысты ұйымдастыру жұмысына көңіл бөліп, оның сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ,  сот төрағасы Ерлан Айтжанов, азаматтардың сот жүйесінің көрсеткіштері деген сенімінің жетілгендігін атап айтты.  Сондықтан сот жүйесіне халықтың сенімінің көтерілгеніне жылма-жыл түсіп жатқан жүгінулердің көптігімен байқалатынын айтты. Сот ісін электронды жүргізу бойынша насихаттау жұмыстары да белсенді жүргізіліп келеді. Себебі облыс соттарында 2015 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша  16 487 талап арыз электрондық нұсқада қабылданып, бұл көрсеткіш жалпы түскен істердің 75,4%-н құрайды. Сондай-ақ, көрсетілген кезеңде облыс соттарында қондырылған 43 залда 31 134 сот мәжілісі үн-бейне жазба құрылғысын қолдану арқылы өткізілсе, 2014 жылдың сәйкесінше кезеңінде бұл көрсеткіш 17 839-ді құраған.

СУДЬЯЛАРДА ҚАНША ІС БАР: Облыс соттарымен барлық аяқталған азаматтық істердің саны 20 299, бұл көрсеткіш салыстырмалы кезеңмен есептегенде 1121 бірлікке азайған. Шешім шығарылған азаматтық істердің саны 11 622, аяқталған істердің ішінен тараптардың бітімгершілікке келу себебінен қысқартылған істердің саны 679, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 134 бірлікке өскен. Азаматтық іс жүргізу өндірісінде тұрғын үй және отбасы даулары басым, соның ішінде алимент өндіру бойынша даулар, сондай-ақ несие мәселелері, салық төлемдері бойынша салық органдарының талаптары, шарттық міндеттемелер және мемлекеттік сатып алу туралы даулар  басым. Азаматтық істерді қарау жүктемесіне сәйкес Ақтөбе қалалық сотының қараған істері барлық облыс бойынша істердің 57,4%-н құрайды.

Сондай-ақ, 15 757 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істер 2014 жылмен салыстырмалы кезеңмен  есептегенде -16 420 оның ішінде 663 істер  4,0%-ға азайған.

Өткен кезеңде облыс соттарымен барлығы 1 890 қылмыстық іс қаралған. 788 сотталғандар арасынан нақты бас бостандығынан 27,9%-зы айырылып, жазалау тәжірибесі 2014 жылмен салыстырмалы кезеңмен 10,6%-ға азайған. Бұдан басқа, 7 тұлға сотпен ақталып653 тұлғаға қатысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар саны – 84, азаматтық істер бойынша жеке шешімдер саны- 81 ал әкімшілік істер бойынша – 124.

СУДЬЯЛАРДЫҢ ШТАТТЫҚ САНЫ. Ақтөбе облыстық сотының судьялардың штаттық саны 131 бірлік, оның 9 бос орын. Қазіргі кезде 122 судьялар жұмыс істеп жатыр, Ақтөбе облыстық сотында 23 судьялар,  қалалық және мамандандырылған соттарда 108 судьялар, сот корпусында 50 %  әйелдерді құрайды.

Президент қазақстандықтар алдында «100 нақты қадам» бойынша барлық  тән мәнерде нысандарын ең қарапайым және түсінікті әшкерейлеп, жаңа сынақтар мен негізгі кезеңдерін қояды. Бұл жаңғырту бүкіл елдің қазіргі заманның қауіп-қатерлерге сәйкес, қоғам институттарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту . Басымдықтарын әр бір-бірін толықтырып , бірге елдің болашағына толық түсінік беру , өйткені , ұсынылатын реформалар және олардың жүйесін арнайы уақтылы ретінде айта кету керек. Осы басымдықтарды арасында ерекше назар сот жүйесіне беріледі.

Сот төрелігін заң үстемдігі - жалпы ол бүгін еліміздің сот жүйесі халықаралық тәжірибеге, негізінде толық сәйкес жұмыс істеу атап өткен жөн.

Кездесуде облыстық сот төрағасы және облыстық сот алқасының төрағалары сот істері бойынша статистикалық деректер мен қаралған істер бойынша жаза тағайындау, сотқа көп түсетін істер санаты, электронды сот ісін жүргізу жөнінде мәліметті жариялап, өз кезегінде ҚР Жоғарғы Сотымен іске қосылған орталықтандырылған жергілікті соттардың интернет ресурсы бойынша жаңалықтар бойынша, «Сот кабинеті» сервисі жөнінде айтып, халыққа қызмет көрсетуде сот жүйесінің біршама ілгерілегенін атап өтті.  

Жалпы отырыс қорытындысында Ерлан Айтжанов ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен Ақтөбе облыстық сотының судьясы Ботагөз Омашқызы Өмірбаеваны, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік медальдарымен Ақтөбе облыстық сотының судьясы Жанна Қуандыққызы Әлишева және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ермек Кенжетайұлы Қанапиевті, бұрын тағайындалған қызметтік куәлікті табыстау үшін Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Амангелді Қалижанұлы Қалмұхамбетовті марапаттады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі